IX Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Баяндамашылар үшін ақпарат

Баяндамашылар үшін ақпарат

ДББҰ Халықаралық конференциясында баяндама оқуға қызығушылық білдіргеніңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз. Конференция барысында танысқан жаңа адамдар мен баяндамалардан алған идеялар Сіздің болашақ зерттеу жұмыстарыңызға көмегін тигізеді деген үміттеміз. 
Бұл парақшада Сіз конференция қатысушыларына қойылатын талаптар туралы толық ақпаратпен таныса аласыз.

  1. Секциялық отырыстарда оқылатын баяндамаларға қойылатын талаптар
  2. Баяндама оқуға қойылатын талаптар
  3. Постерлерге қойылатын талаптар
  4. Секциялық отырыстардың төрағалары мен дискуссанттарына арналған ақпарат
  5. Жинақта мақала жариялауға қойылатын талаптар
  6. Көрмеге қатысу бойынша ақпарат

1. Секциялық отырыстарда оқылатын баяндамаларға қойылатын талаптар

Біздің онлайн жүйеміз арқылы жіберетін абстрактіңіздің аты 20 сөзден көп емес, негізгі бөлімі 400-600 сөзден кем емес және әдебиеттер тізімі 400 сөзден кем болмауы тиіс. Сонымен қатар, таңдаған  желілік бағыт(тар)ыңызды көрсетуіңіз қажет. 
Ең басты талап – оқылатын баяндама мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу және орта білім беру салаларында жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қамтуы керек.
Жіберілген абстракт бес түрлі критерий бойынша бағаланады:

  • Ойды жеткізу тілінің анықтығы және түсініктігі;
  • Зерттеудің түпнұсқалылығы, жүйелілігі мен маңыздылығы;
  • Зерттеудің эмпирикалық немесе талдау сипаты (сипаттама түрде болмауы қажет);
  • Зерттеудің теориялық негізі, әдістемесі, зерттеу әдісі, алғышарттары, нәтижелері мен авторлар қорытындысының көрсетілуі;
  • Қолданылған әдебиеттердің нақты әрі жүйелі түрде берілуі.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі мектепке дейінгі және орта білім беру салаларына байланысты оқылатын баяндамаларға басымдық беріледі.
Жіберген өтінішіңізді көрсетілген желілік бағыттар саласындағы мамандардан құралатын Академиялық комитет қарастырады. Академиялық тексерудің нәтижесі жиырма күннің ішінде беріледі. Құжаттарыңыз қабылдануы, қабылданбауы немесе толықтыруға қайтарылып берілуі мүмкін.
Академиялық тексеру үрдісіне қатысты сұрақтарыңыз болса, conference (@) nis.edu.kz электрондық поштасына хабарласуыңызға болады.

2. Баяндама оқуға қойылатын талаптар

Абстрактіңіз қабылданған жағдайда, конференцияға қатысу үшін бөлек тіркеуден өтуіңіз қажет. ДББҰ Халықаралық конференциясына тіркелу үшін келесі сілтемеге басуыңызды сұраймыз — тіркелуге сілтеме.
1 қыркүйекке дейін презентацияңызды үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) conference@nis.edu.kz электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз.
Егер абстрактіңіз қабылданып, бірақ белгілі бір себептермен конференцияда баяндама оқи алмайтын болсаңыз, мүмкіндігінше ертерек conference (@) nis.edu.kz электрондық поштасына жазып жіберуіңізді өтінеміз.
Пленарлық отырыста баяндама оқу орташа есеппен 25 минутқа созылады.
Секциялық отырыстың өту ұзақтығы 90 минут. Екі баяндама оқылатын секцияларда баяндамашыларға 30 минуттан; үш баяндамашыға – 20 минуттан; төрт баяндамашыға – 15 минуттан; бес баяндамашыға 12 минуттан уақыт беріледі.
Баяндама оқып болған соң бізбен презентацияңызбен бөлісуіңізді сұраймыз. Бұдан бөлек, Сізге бұқаралық ақпарат құралдарына қысқа интервью (3-4 минуттық) беру ұсынылуы мүмкін және кейінірек бұл видеоны көпшілікке белгілі Youtube, Яндекс видео және Nur.Video сияқты вебсайттарда, сонымен қатар, жергілікті ақпарат құралдарында жариялайтын боламыз. Академиялық тексеруден өткен жағдайда, конференцияда баяндама оқу Сізге зерттеуіңізді конференция жинағында жариялауға мүмкіндік береді. Төменде толық ақпарат берілген.

3. Постерлерге қойылатын талаптар

Постер өзіңіз өткізген, талданған нәтижелері қоса берілген зерттеуге (қысқа зерттеуге) шолу түрінде берілуі тиіс. Постер тек әдемі ғана емес, сонымен қатар функционалды болуы қажет. Көбінесе, постер PowerPoint бағдарламасын қолдану арқылы жасалады. Постерді ауызша таныстыру шамамен 5 минут болуы қажет.
Постерді рәсімдеу бойынша кеңестер:

  • Мәтін сол жақ бойынша түзетілуі тиіс (бұл мәтінді визуалды түрде жақсы қабылдауға әсер етеді);
  • Постерді бос жер қалмағанша ақпаратқа толтырған дұрыс емес. Постердің 50% мәтіндік ақпаратпен, ал қалған жерін кесте, схема, сурет және т.б. графикалық ақпаратпен толтырған жөн;
  • Постерде зерттеу туралы ақпаратты қабылдауға кедергі келтіретін тым қарама-қайшы түстер қолданбаған абзал.

Постер форматы: постер көлемі — А1; ғаріп көлемі — 28 пт-дан жоғары болмауы тиіс; титулдық тақырып; фон мен мәтін түстері қарама-қайшы болуы қажет (ақ фон – қара түсті мәтін; қара-көк фон – ашық сары мәтін және т. б.).
Постердің құрылымы келесі бөлімдерден тұруы қажет:

  1. Тақырыптың мақсаты мен көкейкестілігі;
  2. Зерттеу сұрақтары;
  3. Әдіснама (зерттеу әдістері: сауалнама, сұхбат, фокус топтары, құжаттарды талдау және т.б.);
  4. Нәтижелер мен талдау;
  5. Қорытындылар;
  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Постерлердің үлгілерін Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдерінің постерлер жинағынан (жинақ көшірмесі Назарбаев Зияткерлік мектептер кітапханасы мен Зерттеушілер қауымдастығында электрондық нұсқада орналасқан http://sk.nis.edu.kz/), әрі [1] [2] сілтемелеріне өту арқылы табуға болады.

4. Секциялық отырыстардың төрағалары мен дискуссанттарына арналған ақпарат

Әрбір секция 90 минутқа созылады. Төменде жұмыс барысында қатаң түрде ұсталуы қажет тәртіп көрсетілген:

  • 2-3 минут: секция төрағасының алғыс сөзі;
  • 1 сағат: баяндамашылардың презентациялары;
  • 25 минут: қатысушылар көрсетілген презентацияларды талқылайды, сұрақ-жауап сессиясы жүргізіледі, қорытынды шығарылып, оқылған баяндамалардың негізінде ұсыныстар беріледі;
  • 2-3 минут: секция төрағасының қорытынды сөзі.

Секция аясында баяндама оқу тәртібі:

  • Екі баяндамашы: презентацияға 30 минут;
  • Үш баяндамашы: презентацияға 20 минут;
  • Төрт баяндамашы: презентацияға 15 минут;
  • Бес баяндамашы: презентацияға 12 минут.

Секциялық отырыс төрағасына арналған ескертпелер

Секция басталмас бұрын:

  • бағдарламаны алдын-ала қарап, қосымша материалдардың берілуін сұраңыз;
  • баяндамашылардың қысқаша өмірбаянымен, баяндамаларымен, мүмкін болса, баяндамашымен танысыңыз;
  • баяндамашыларды баяндама оқу ережесімен және қалған уақыт туралы ескерту үшін қолданылатын белгілермен таныстырыңыз;
  • түрлі форматтағы презентациялар (PowerPoint, Prezi, OOo Impress) алдын ала компьютерге көшірілгеніне және баяндамашылар көрсеткен техникалық талаптар сақталғандығына көз жеткізіңіз.

Секция барысында:

  • тыңдармандармен амандасып, өзіңізді таныстырып, сессия мақсаты мен баяндамашылар туралы айтып беріңіз;
  • баяндамашыларды қалған уақыт туралы ескерту үшін қолданылатын белгілермен таныстырыңыз;
  • баяндамашыға баяндама оқып болған соң алғысыңызды білдіріңіз, келесі баяндамашының аты-жөні мен баяндамасының тақырыбын дауыстап айтыңыз;
  • егер баяндамашы тәртіпті сақтамаса, сыпайы түрде баяндама оқығаны үшін алғыс білдіріп, тоқтауын сұраңыз;
  • барлық баяндамашылар баяндама оқып болған соң, талқылау үшін қатысушыларға сөз кезегін беріңіз;
  • сұрақ-жауап сессиясын өткізген соң, баяндамашыларға, талқылау қатысушылары мен тыңдармандарға қатысқандары үшін алғыс айтыңыз.

Секциядан соң:

  • қатысушылармен көрсетілген презентацияларды талқылау үшін кішкене қалыңыз;
  • барлық баспа және электронды ресурстар Ұйымдастырушы комитетке тапсырылғандығына көз жеткізіңіз.

Дискуссанттарға арналған ескертпелер

Секция басталмас бұрын:

  • бағдарламаны алдын-ала қарап, қосымша материалдардың берілуін сұраңыз;
  • баяндамашылардың қысқаша өмірбаянымен, баяндамаларымен, мүмкін болса, баяндамашымен танысыңыз.

Секция барысында:

  • талқылауға баяндамашылардың презентацияларынан сұрақтар ұсыныңыз;
  • сұрақ-жауап сессиясын өткізу барысында белсенді, ашық және рационалды талқылауға жағдай жасаңыз;
  • көпшіліктің пікірін есепке ала отырып, ұсынымдар бойынша қорытынды жасаңыз.

Секциядан соң:

  • конференция жұмысына қатысты барлық ұсыныстарды conference (@) nis.edu.kz электрондық мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз.

Егер секцияда дискуссант болмаса, секция төрағасы презентациялар бойынша талқылауды жүргізуді және оқылған баяндамалар негізінде жасалған ұсынымдар бойынша қорытынды шығаруды өз мойнына алады.

5. Жинақта мақала жариялауға қойылатын талаптар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Халықаралық конференциясы қарсаңында баяндамалар жинағын шығару күтілуде. Ол үшін абстрактісі қабылданған қатысушы баяндамалар жинағына өз зерттеу жұмысының енуін қаласа абстракті пен баяндамасын 2017 жыл, 10 қыркүйек, сағат 23.00-ге дейін (Астана уақытымен) conference@nis.edu.kz поштасына жіберуін сұраймыз.
Мақалаларға қойылатын талаптардың үш тілдегі нұсқасын мына сілтемеге өту арқылы жүктеп ала аласыз жіберуіңізді сұраймыз.