XIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы

Нұр-Сұлтан, 2022 ж. 21-22 қазан

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қош келдіңіз!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерді енгізуге белсенді түрде ат салысады. 2008 жылдан бастап Қазақстанның білім беру жүйесіне таралып келе жатқан инновациялық білім беру бағдарламаларын, бағалау жүйесі мен мұғалімдерді даярлауға арналған білім беру ресурстарын дамытудамыз.

Біздің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямыз Қазақстандағы және жалпы Орталық Азиядағы орта білімнің болашағын толғандыратын реформаторлар үшін маңызды оқиға болып табылады. Конференция білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу үшін көшбасшылардың, ойшылдардың, саясаткерлер мен тәжірибешілердің жаһандық аудиториясын өзіне тартады.

Конференцияға тіркелу жақын арада ашық болады!

Жаңалықтарды осы вебсайтымызда күтуіңізге болады!

1. Абстрактіні рәсімдеуге қойылатын талаптар

Абстрактіңізді ұсыну үшін біздің онлайн жүйеміз арқылы төмендегі мәліметтерді жіберуіңіз қажет:

  • баяндамаңыздың атауы (20 сөзге дейін);
  • абстрактінің мәтіні (900 сөзге дейін);
  • қолданылған әдебиеттер тізімі (300 сөзге дейін);
  • жұмысыңыздың желілік бағыты (немесе бағыты);
  • формат (секциядағы презентация немесе постер).

Негізгі талап – баяндама мектепке дейінгі оқыту мен орта білім беру салаларында жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қамтуы керек.

Ұсынылған абстракт келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • баяндау тілінің анық және түсінікті болуы;
  • зерттеу жұмысының бірегейлігі мен маңыздылығы;
  • зерттеу жұмысының эмпирикалық және аналитикалық сипатта болуы (сипаттамалы түрде болмауы керек);
  • абстрактінің құрылымы: контекст, зерттеудің мақсаты мен сұрақтары, теориялық негіздері, әдістемесі, авторлардың нәтижелері мен қорытындылары;
  • қолданылған әдебиеттердің нақтылылығы мен бірізділігі.

Ұсынылған зерттеу жұмыстарды білім беру және зерттеу салаларының шетелдік және отандық сарапшылары мүше болатын Академиялық комитет бағалайтын болады.

Комитеттің шешімі 2022 жылғы 27 қыркүйекке дейін сіздің поштаңызға жіберіледі.

Абстрактіні жіберу үдерісі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда submissions (@) nis.edu.kz электронды поштаға хабарласуыңызға болады.

2. Конференцияда сөз сөйлеуге қойылатын талаптар

Егер сіздің абстрактіңіз қабылданса, онда келесі әрекеттерді орындауыңыз қажет:

  1. 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін конференция бағдарламасына еңгізу үшін тақырыбыңызды үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) жолдау. Тақырыпты submissions (@) nis.edu.kz (осы хатқа жауап ретінде) электрондық пошта арқылы жібересіз;
  2. презентацияны үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) дайындау;
  3. презентацияларды PDF форматында сақтау;
  4. 2022 жылғы 10 қазанға дейін презентацияларды submissions (@) nis.edu.kz электронды поштасына жіберу;
  5. конференцияға қатысу үшін conferences.nis.edu.kz сайтында тіркеуден өту.

Егер сіздің абстрактіңіз қабылданып, ал сіз белгілі бір себептермен конференцияға қатыса алмасаңыз, онда ол туралы мүмкіндігінше submissions (@) nis.edu.kz электронды поштаға ертерек хабар беруіңізді сұраймыз.

Сөз сөйлеу бойынша уақыт тәртібі Конференцияның бағдарламасында көрсетілетін болады.

Конференцияға қатысу сізге өз зерттеу жұмысыңызды мақалалар жинағында жариялауға мүмкіндік береді. Ол үшін жұмысыңыз академиялық тексеруден өту керек және жариялау талаптарына сай болуы қажет. Толық ақпаратпен 4-бөлімде таныса аласыз.

Ignite Talk

Назар аударыңыз!

Уақытты үнемдеу және сессияларға үлкен динамика беру мақсатында дәстүрлі презентация форматына балама ретінде Ignite Talks форматында презентация жасауды ұсынамыз!

Бұл формат конференциялар мен форумдар сияқты іс-шараларда танымал бола бастады.

Ignite-Talks -тың бекітілген форматы бар, оның аясында cпикер әр 15 секунд сайын автоматты түрде ауысатын 20 слайд дайындай алады. Зерттеулерге негізделген осындай презентациялардың мысалдарын келесі сілтемелерден табуға болады:

 

https://www.youtube.com/watch?v=R2jI8EpP41E

https://www.youtube.com/watch?v=8CtC_qbQ51U

Барлық Ignite-Talks презентациялары секциялық отырыстар кезінде тыңдаушылардың аудиториясы мен сессия модераторының қатысуымен өтеді, презентациядан кейін негізгі мәселелерді талқылауға болады (5 минут ішінде).

Егер сіз Ignite Talk форматында презентация жасағыңыз келсе, 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін бізге хабарлаңыз, біз сізге презентацияны рәсімдеу бойынша нұсқаулар жібереміз және сізді осы форматта презентация жасайтыныңыз туралы ақпаратты конференция бағдарламасына енгіземіз.

3. Постерлерді рәсімдеуге қойылатын талаптар

Егер сіздің абстрактіңіз қабылданса, онда келесі әрекеттерді орындауыңыз қажет:

  1. конференцияға қатысу үшін https://conf.nis.edu.kz сайтында тіркеуден өту;
  2. төмендегі нұсқауларға сай постерді дайындау

Постер сіздің өткізген зерттеу (не шағын зерттеу) жұмысыңызға жасалған шолуды және зерттеуге қатысты мәліметтер талдамасын қамтуы қажет. Постерді конференция өтетін үш тілдің (қазақша, орысша, ағылшынша) бірінде, яғни абстрактіні жазғанда қолданған тілде дайындай аласыз.

Постеріңіз көзге жағымды және функционалды болуы қажет.

Өз постеріңізді қалаған бағдарламада жасауыңызға болады. Стандартты шешім ретінде PowerPoint бағдарламасы қолданылады.

Постер форматы: парақ бағыты тігінен, А3; қаріп мөлшері 28 пт кем емес.

Постердің құрылымы келесі бөлімдерді қамтуы қажет:

  • тақырыптың мақсаты мен маңыздылығы;
  • зерттеу сұрақтары;
  • әдіснамасы;
  • нәтижелері;
  • қорытындылары;
  • қолданылған әдебиеттер тізімі (постер кеңістігін үнемдеу үшін әдебиет тізімін QR-кодты қолданып көрсете аласыз).

Постердің үлгілері: [1], [2].

Постерді ұсыну үшін келесі әрекеттерді орындауыңыз қажет:

1) файлды PDF форматында немесе кескін (JPG / PNG) түрінде сақтау;

2) PDF, JPG немесе PNG форматындағы постерді submissions (@) nis.edu.kz электронды поштасына жіберу. Хат тақырыбын «Постер. [Тақырыбыңыз]» түрінде көрсету.

3) Постерді ұсынудың соңғы күні – 2022 ж. 7 қазан.

4. Мақалаларды жинақта жариялауға қойылатын талаптар

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысы бойынша баяндамалар жинағын шығару жоспарлануда.

Келесі жағдайда зерттеу жұмысын жинақта жариялауға болады:

  • рецензия қорытындысы бойынша оң жауапқа ие болу;
  • зерттеу жұмысы конференцияның бағдарламасына қосылса.

Өз жұмысыңызды конференция жинағында жариялағыңыз келсе, зерттеу жұмыстарын 2022 жылғы 20 қазан, сағат 23.00 (Нұр-Сұлтан уақытымен) дейін келесі электронды пошталарға жіберуді сұраймыз:

  • abdigalikyzy_u@cpm.kz (қазақ тілінде жазылған мақалалар үшін)
  • panakshina_n@cpm.kz (орыс тілінде жазылған мақалалар үшін)
  • niyazbekova_g@cpm.kz (ағылшын тілінде жазылған мақалалар үшін)

Мақалаға қойылатын талаптарды (үш тілде) осы сілтеме арқылы басып алуыңызға болады.

Конференция тарихы

2021

XII

Отбасы, мектеп, қауымдастық: бала мүддесіне қызмет етеміз

2019

XI

Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар

2018

X

Жаңа дәуір мектебі

2017

IX

Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация

2016

VIII

Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту

 

2015

VII

Білім беру: зерттеу және тұрақты даму

 

XIII Конференцияға шақыру

Intellectual Podcast

Құрметті ұстаздар, әріптестер, достар!

Халықаралық спикерлердің қатысуымен дайындалған, білім беру саласындағы өзекті тақырыптарды қозғайтын «Intellectual Podcast» атты бейнеподкастын тамашалаңыздар!

Осы сілтемені қолданып барлық подкаст бөлімдерін көре аласыз.

Біз туралы

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақстан орта білімінде өзгеріс енгізудің көшбасшысы. 2008 жылдан бастап біз инновациялық білім беру бағдарламаларын, бағалау жүйесін және мұғалім дайындауға арналған білім беру ресурстарын даярладық. Олар Қазақстан білім беру жүйесінде таралып жатыр. Толық ақпарат