XII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰIntellectual Podcast
-
Құрметті ұстаздар, әріптестер, достар!
Өзіңіз білетіндей, тосын жағдайларға байланысты біз 2020 жылғы «Отбасы, мектеп, қауымдастық: бала мүддесін ойлау — бала мүддесіне сай әрекет ету» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік Конференцияны өткізбеуге шешім қабылдадық.
Қазақстанның сарапшылар қауымдастығы, ұстаздарымыз және шетелдік әріптестеріміз жыл сайын жиналып, білім берудегі өзекті мәселелерді талқылауды көздейтінін түсінеміз. Алайда, виртуалды форматта да болсын Конференцияны өткізу қауіпі жоғары және бұл қауіптің ретін табу біздің қолымыздан келмеуі мүмкін. Тәуекелдерге талдау жасап, Конференцияны өткізбеу ең дұрыс шешім екеніне көз жеткіздік.
Дегенмен, берген сөзімізге тұрып, сіздерді пайдалы контентсіз қалдырмадық.
Конференция спикерлері мен қазақстандық білім беру саласының сарапшыларымен бірге «Intellectual Podcast» атты бейнеподкастын тамашалаңыздар!
Осы сілтемені қолданып барлық подкаст бөлімдерін көре аласыз.
Өткен конференциялар
2019
XI
Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар
2018
X
Жаңа дәуір мектебі
2017
IX
Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация
2016
VIII
Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту
2015
VII
Білім беру: зерттеу және тұрақты даму
“Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар” Конференциясына бейнешолу, 2019 г.
Біз туралы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақстан орта білімінде өзгеріс енгізудің көшбасшысы. 2008 жылдан бастап біз инновациялық білім беру бағдарламаларын, бағалау жүйесін және мұғалім дайындауға арналған білім беру ресурстарын даярладық. Олар Қазақстан білім беру жүйесінде таралып жатыр.