Intellectual Podcast №3

Жан саулығы, жан байлығы туралы 

Intellectual Podcast келесі қонағы – Энди Коуп, білікті оқытушы, бестселлер авторы, бақыт бойынша сарапшы әрі академикалық қызметін жандандырушы ғалым.

Білім саласындағы жұмыс тәнді де, жанды да қажытады. Сіздің саулығыңыз жұмыстың жемісті болуына, шығармашылық пен ынтаны дамытуға және өмір қиындықтарына төзуге әсер етеді. Егер мектеп ұжымының әр мүшесі табысты болса, сіздің мектебіңіз жаңа өмірге бастау алады!

Intellectual Podcast-тың осы шығарылымында Энди өмірдің мәнін қалай қайта ашуға болатындығын (алдымызға жоғары мақсаттар қояйық!) және сіздің эмоцияларыңызға, мінез-құлқыңызға және жалпы өміріңізге әсер ететін ойлау тәсілін өзгерту арқылы қалай бақыт табуға болатындығы туралы айтадыБұл шығарылым көңіл сергітуге бағытталады, бірақ оның негізгі идеяларын үйде де, жұмыста да қолдануға болады.

Енді шынайы өмірге назар аударайық Егер біз сиқырлы таяқшаның көмегімен өмірлік мәселелерден арыла алмасақ, онда алға қадам басарлық бір-ақ жол бар, ол – қиындықтар өмірдің ажырамас бөлігі деген ойды түсіну. Осыған орай Энди сізді өз- өзіңізге көмектесетін тәжірибелерді қарастыруға шақырады.

Подкаст шығарылымының негізгі мақсаты – өмірдегі күйзелістерге “шыдаумен” шектелмей, өмірге өзгеше көзбен қарауға, ойлау өрісін өзгертуге және төзімділік қорын толықтыруға мүмкіндік беретін ішкі ресурстарды тауып қолдану. Ішкі ресурстарды ашу нәтижесінде сіз көптеген нәрселерге басқаша қарап, ойыңызды өзгертіп, өміршеңдікті арттыра аласыз.