Intellectual Podcast №2

Мектеп – қоғам жүрегі 

Intellectual Podcast келесі қонағы – Дарюс Радкявичюс, Вильнюс Қалалық кеңестің депутаты, білім беру мен мәдениет комитетінің мүшесі, Еуропалық Реконструкция мен Даму банкінің сарапшысы.

Дарюс мырза – Шектеу теориясы (Э. Голдратт) Халықаралық ұйымының сертификатталған сарапшысы, Литвадағы кітапқа мамандандырылған UAB Rgrupe консультациялық бизнес пен баспаның иесі. Сонымен қатар, ол – 3 шығармашылық жоба-кітап авторы – «Құдай, квантттық физика, ұйымдастырушылық кешен мен басқару стилі»; «Алтын дәуірді күтуде» (йога мен мәнді іздеу туралы); «Архетип айнасы ретіндегі стиль». Балаларға білім беру саласындағы жетекші көрегендермен «Болашақ мектебі және/не бақыт» сұхбат топтамасын өткізді.

Подкасттың «Мектеп – қоғам жүрегі» бөлімінде Дарюс Радкявичюс сөзін білім берудегі негізгі идеяларға тарихи шолумен бастап, оның адам өміріндегі экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістермен байланысы туралы сөз қозғайды. ХХ ғасырға тоқтала отырып, Дарюс мырза жетекші мектептердің концепциясы мен өмір бойы білім алу идеясын түсіндіреді.

Дарюс мырзаның ойынша, ХХІ ғ. білім берудің негізгі идеясы мектеп болуы керек. Мектеп қоғам ошағының рөлін атқарып, балалар онда тек сыныпта оқымай, уақыттарын оқудан тыс ойынға арнай алады, ересектер мектепке келіп, жаңа дағдыларды үйрене алады, ал мектеп ғимараты орналасқан аймақтың ландшафтында үйлесімді әрі экологиялық түрде орналасады. Дарюс мырза білім беру әдістемесін, архитектура мен өнердің бір-бірімен тығыз байланыста екенін көрсетеді. Әлемнің әр қырында орналасқан мектептерді мысал ретінде келтіріп (Эстония, Франция, Вьетнам, Бутан корольдігі), Дарюс мырза балалардың білім алуында табиғат пен эстетиканың аса маңызды рөл атқаратынын суреттейді.

Подкаст бөлімінде арқау болып швейцариялық реформатор Иоганн Генрих Песталоцци идеялары жатыр. Бұл идеялар қазіргі бастауыш білім берудің негізінде жатыр. Осы доктринаға сәйкес білім беру «ой, жүрек, дененің» үйлесімді дамуына көз болуы керек.