Intellectual Podcast №1

Білім берудегі кедергілерге тап болып, білім беруді қайта ойластыру

Зияткерлік мектептердің Intellectual Podcast алғашқы қонағы – Андреас Шляйхер, ЭЫДҰ Білім беру мен дағдылар департаментінің директоры.

Шляйхер мырза Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасының (PISA) басқарушысы және басқа да халықаралық құралдардың жетекшісі. Бұл құралдар барша әлемнің саясаткерлері, зерттеушілері мен оқытушылары үшін білім беру саясаты мен практикасындағы инновациялар мен ауқымды өзгерістерді жасауға арналған платформаны ұсынады.
«Білім берудегі кедергілерге тап болып, білім беруді қайта ойластыру» (Education disrupted – education rethought) атты подкаст бөлімінде Андреас Шляйхер пандемияның Қазақстанға және бүкіл әлемге әсерін, жаңа тәуекелдерді және мүмкіндіктерді талқылайды.

Андреас Шляйхер келешекте білім беру мен технология неге қолма-қол жүретіні, мұғалімнің орнына технологияның келуін болдырмау туралы сөз қозғайды. Андреас Шляйхер Халықаралық салыстырмалы зерттеулердің нәтижелерін мысалға алып, 21 ғасырда оқуға жұмсалатын уақыт, оқу уақытын қолдану сапасы, білім беру ортасының сапасы және оқушылардың «өсуді мақсат етіп ұстауы» секілді факторлардың оқушылардың үлгеріміне қалай әсер ететінін түсіндіреді.

Сонымен қатар, Андреас Шляйхер білім берудегі технологиялардың даму болашағы, этика мен құндылық мәселелерінің бұрынғы күйіне оралмас әлемдегі орны туралы айтатын болады.

Шляйхер мырзаға аса өзекті тақырыпта сөз сөйлегені үшін алғысымызды білдіреміз.

Подкасттың келесі бөлімдері туралы ақпаратты алу үшін, «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ ресми парақшаларына жазылыңыз және жаңалықтарды Конференциямыздың сайтында күтіңіз – conference.nis.edu.kz