NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Фил Ламберт

Доктор Фил Ламберттің білім беру саласында тәжірибесі зор. Ол Сидней мектептері бас директорының көмекшісі, аймақтық директор, сондай-ақ, Аустралия оқу бағдарламасы, бағалау және есеп беру мекемесінің бас директоры ретінде қызмет істеді.

Соңғы аталған қызмет орнында жақын арада ғана болған Аустралияның тұңғыш ұлттық оқу бағдарламасын әзірлеуді басқарды. Бірнеше кітаптардың авторы, ірі халықаралық конференцияларда баяндамамен сөз сөйлеген, білім саласында негізгі реформалар жүргізу кезінде басшылықты жүзеге асырды. Доктор Ламберт Сидней Университеті, сондай-ақ Нанкинск педагогикалық университетінің шақырылған профессоры, Білім көшбасшыларының Аустралиялық кеңесінің және Аустралия педагогикалық коллегиясының (АПК) мүшесі, Жаңа Оңтүстік Уэльстің АПК президенті, АПК Ұлттық кеңесінің төрағасы және АПК Басқармасының мүшесі. Доктор Ламберт бірнеше рет әр түрлі марапаттарды иеленді. 2012 жылы Ханшайымның туған күніне орай Фил Ламбертке білім саласында жасаған ерен еңбегі үшін қоғамдық жұмыстар үшін берілетін мемлекеттік медаль табысталды. Қазіргі уақытта Фил Сауд Арабиясы және Бразилияның оқу бағдарламаларын реформалауды басқарып жатыр. Одан басқа, Фил Ламберт Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында «Білім 2030» жобасы шеңберінде оқу бағдарламалары бойынша сарапшы қызметін атқарады. Сонымен қатар, доктор Ламберт қоғамға түрлі жолдар арқылы үлес қосуда. Ол әйел адамға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу бойынша Ұлттық қор төрағасының орынбасары, Қаржы сауаттылығын дамыту бойынша Аустралия мемлекеттік ұйымының директоры, сондай-ақ, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен болған істерді қарастыру бойынша Сараптау комиссиясының мүшесі болып табылады. Оған қоса, Фил Ламберт қоғамның дамуына үлес қосқан 50 сиднейліктер тізіміне кіреді.

IX Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 26-27 қазан 2017 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Білім берудегі құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновациялар – нақты шақ пен болашақ

Доктор Ламберт өзінің баяндамасында құндылықтар, әл-ауқаттылық пен инновациялардың білім беру бағдарламасында, тіпті одан кең ауқымды қарастыратын болсақ, мектеп пен қоғамда алатын орны жайлы сөз қозғайды. Доктор Ламберт осы үш басым бағыттарға деген дүниежүзілік қызығушылықты түсіндіреді, ол үшін ел ішіндегі, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы саясаттың ар жағында жатқан факторлар мен жетекші күштерді айқындайды. Фил Ламберт ағымдағы зерттеулерден басқа, жаһанданудың, өзгерістер мен ескірулер қарқынды түрде жүретін дәуірдің, сондай-ақ күннен күнге артып келе жатқан этикалық, құқықтық және әлеуметтік дилеммалардың нәтижесінде осы үш бағыт бойынша күтілетін өзгерістерді түсіндіреді