«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

Жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еліміздің сарапшылары мен мұғалімдері арасында орта білім беру саласындағы өзекті және өткір мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу алаңы ретінде қызмет етеді.

Биыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізеді. «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігі» биылғы конференцияның тақырыбы өте өзекті және маңызды болып табылады. Өйткені ауыл мектептері ауыл қауымдастықтарының білімі мен дамуында шешуші рөл атқарады. Конференцияға ауылдық жерлердің 86 тірек мектебінен директорлар мен мұғалімдер қатысады.

Конференция жұмысына спикерлер ретінде әлемнің әртүрлі елдерінен танымал ғалымдар, Зияткерлік мектептердің мұғалімдері шақырылды. Олар ауылдық жерлерде тірек мектептерде жұмыс істейтін әріптестерімен үздік тәжірибелерімен, зерттеулерімен және идеяларымен бөліседі.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысы кезекті рет жұртшылық пен сараптамалық білім беру қоғамдастығының назарын балалардың әл-ауқаты мен бақыты мәселелеріне аударады және ауылдық мектептерде инновациялар мен білім беру сапасын дамытуға көмектесетін болады.

Негізгі спикерлер

Күләш Шәмшидиноваа
Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, Қазақстан

1958 жылы 4 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1979 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Алматы облысы Көксу ауданы Амангелді атындағы орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1981 жылдан 1986 жылға дейін комсомол жұмысында болды. 1986-1991 жылдары – Талдықорған облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы. 1991-1992 жылдары – Талдықорған облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты директорының орынбасары. 1992-1996 жылдары – Талдықорған қаласының Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектебінің директоры. 1996 жылдың шілдесінен 2002 жылдың ақпанына дейін – Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.
2002 жылғы ақпаннан 2005 жылғы мамырға дейін – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.
2005 жылдан 2007 жылға дейін – «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК бас директоры.
2007 жылғы сәуірден 2009 жылғы қазанға дейін – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.
2009 жылғы қазаннан 2019 жылғы ақпанға дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Басқарма төрайымы (2011 жылғы маусымнан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ).
2019 жылғы ақпаннан маусымға дейін – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.
2019 жылдың шілдесінен 2023 жылдың наурызына дейін – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы.
«Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
2022 жылы (14 қазан) — «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді, марапат Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан табысталды.
2022 жылы білім беру жөніндегі жаһандық комиссияның Азия хабында комиссар болып тағайындалды. Қазақстанның өкілі алғаш рет ЕСА-ға – әлемдік білім беру экожүйесінің көшбасшыларының қатарына енді.
2023 жылдан «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры».

Колин Маклафлин
Кембридж университетінің құрметті профессоры, Ұлыбритания

Колин Маклафлин, PhD, Кембридж университетінің құрметті профессоры, қазіргі уақытта тәуелсіз зерттеуші және әзірлеуші болып табылады. Кембридж университетінде әртүрлі қызмет атқарды, оның ішінде вице-президенттің арнайы кеңесшісі, білім беру факультетінің білім берудегі инновациялар жөніндегі директоры және факультет басшысының орынбасары, Сассекс университетінің кафедра меңгерушісі. Ол бірқатар елдердің үкіметтерімен білім беру реформасы мәселелері бойынша жұмыс істеді. Ол елдердің қатарына Қазақстан, Нигерия және Орталық Азия елдері кіреді. Ол білікті кеңесші болып табылады. Кембридж университетінде оқудан өтіп, психотерапевтік кеңесші біліктілігін алды.
Оның зерттеу саласына психикалық денсаулық және мектептің рөлі, білім беру реформасы, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және мектеп пен университет арасындағы ғылыми серіктестік жатады. Оның соңғы басылымдары:
McLaughlin, C. and Ruby., A. (forthcoming). Politics And Knowledge Shaping Educational Reform: Case Studies From Around The Globe. Cambridge: Cambridge University Press
McLaughlin, C., Winter, l. and Yakavets, N. (2023) Mapping Educational Change in Kazakhstan. Cambridge; Cambridge University Press.
McLaughlin, C. and Ruby., A. (2021) Implementing Educational Reform: cases and challenges. Cambridge: Cambridge University Press
McLaughlin, C. (2022) ‘Connecting to school and each other: Towards a new paradigm of a school response to mental health.’ Impact, Journal of the Chartered College of Teaching, Issue 15, May 2022.

Ойстейн Кристиансен
суретші-карикатурашы, дизайнер, Норвегия

Ойстейн Кристиансен – әлемге әйгілі карикатурашы, автор және медиа тұлға, балаларға сурет салу мен шығармашылық дағдыларды үйретумен айналысады.
Оның балаларға арналған “”Сурет салуды үйрен””, “”Дәл шыңда”” және “”Жасап көр”” сияқты телешоулары әлемнің 80-нен астам елдерінде көрсетіліп, 300 миллионнан астам көрерменді қамтыды. Ол сондай-ақ тірі сурет көрмелерімен және шытырман оқиғалы саяхат журналдарымен бүкіл әлемге танымал.
Ойштейн сонымен қатар шығармашылық, адам құқықтары және табиғатты қорғау тақырыптарындағы спикер.

Дарюс Радкявичюс
психиатр, сертификатталған трансакттік талдау терапевті және дағдарысты басқару бойынша сарапшы, Литва

Дарюс Радкявичюс – психикалық жарақаттары бар балаларға көмектесуге бағытталған “”Пост трауматика санитатем”” ұйымының директоры, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің сарапшысы.
Радкявичюс мырза Тарту университетінің (Эстония) медицина факультетін және Вильнюс университетінің (Литва) резидентурасын бітіріп, медициналық білім алды.
Әрі қарай жүйелік басқаруды оқып, LVPA-да (Бизнеске көмек берудің Литвалық агенттігі) Литва компанияларына ТОС, LEAN сияқты бизнес жүйелерін енгізуді бағалаушы бас сарапшы болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (EBRD) сарапшысы ретінде танылды. 2019-2023 жылдары аралығында Вильнюс қалалық кеңесінің депутаты, Білім және Мәдениет комитетінің мүшесі болды.
Сондай-ақ, Дарюс – орта білім беруде шабыттандыратын инновацияларды табуға және таратуға бағытталған HundrED коммерциялық емес ұйымының елшісі.
Радкявичюс мырза сонымен қатар Литвадағы бизнес кітаптарына маманданған «UAB rgrupe» кеңес беру бизнесі мен баспасының иесі. 4 шығармашылық жоба-кітаптарының авторы: “”Өмірге арналған шимайлар””, “”Құдай, кванттық физика, ұйымдастырушылық құрылым және басқару стилі”” балалардың эмоционалды интеллектісін қалай дамыту керектігі туралы мұғалімдерге арналған кітап; “”Алтын ғасырды күту”” (йога және мағынаны іздеу туралы); “”Стиль архетиптің айнасы ретінде””; сондай-ақ “”Болашақ мектебі және/немесе бақыт”” деп аталатын балалар біліміндегі жетекші стратег-мамандармен сұхбаттар сериясы.”

Грэм Рейнджер
Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) сарапшысы, Нидерланд

Доктор Грэм Рейнджер – мемлекеттік және жекеменшік коммерциялық емес сектордағы мектеп жүйесін өзгерту және дамыту саласындағы тәжірибелі басшы. Ол Ага Ханның дамыту ұйымында 2017 жылдан бері Aga Khan Academies-тің академиялық мәселелер жөніндегі директоры ретінде жұмыс жасап бастап, 2020 жылдың сәуірі мен 2021 жылдың шілдесі аралығында Академиялар директорының міндетін уақытша атқарды. Бұл Aga Khan Education Services пен Академиялардың бірігуінің нәтижесінде Aga Khan Schools құрылған кезеңге тұспа-тұс келді.
2012-2016 жылдары ол Халықаралық мектептер кеңесінде (CIS) мектептерді қолдау және бағалау директоры қызметін атқарып, халықаралық мектептер сапасын қамтамасыз ету мен дамытудың барлық аспектілері үшін жауап берді. Доктор Рейнджер CIS халықаралық аккредиттеу жүйесі мен хаттамасын зерттеуге және әрі қарай оларды әзірлеуге жетекшілік етті.
Бұған дейін Грэм Нью-Делидегі Британдық мектепті басқарды және озық үлгідегі 20-дан астам мектепті қамтитын Гонконгтағы Ағылшын мектептері қорының (ESF) білім беру жөніндегі директоры болып, онда IB бағдарламаларының енгізілуіне жетекшілік етіп, екі жаңа К-12 халықаралық мектепті құруға көмектесті. Оның Үндістанда жүргізген зерттеулерінен кейін 2012 жылы Дарем университетінде (Англия) қорғаған докторлық диссертациясы халықаралық мектеп басшыларының кәсіби дамуға деген қажеттіліктерін зерттеуге арналды.”

Кайырбек Буксукбаев
Ақтөбе қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры, Қазақстан

Буксукбаев Қайырбек Сәбитұлы Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметін атқарады. 2011 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдап, «Химия» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. 2023 жылы Қайырбек Сәбитұлы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын жоғары жетістікпен аяқтаған. 2011–2013 жылдары Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған. 2013 жылдан 2018 жылға дейін өзінің білім беру саласындағы мансап жолын дамытуды жалғастырған: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім болып бастап, кейін директордың орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылы Буксукбаев Қ.С. Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне ауысып, онда алдымен мұғалім, кейін 2021 жылға дейін директордың орынбасары болып жұмыс істеген. 2021–2022 жылдары Қайырбек Сәбитұлы  Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқарған.

Толонду Тойчубаев
«Bilimkana» қорының негізін қалаушы, Қырғызстан

Қырғыз Республикасының жас буынына жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілетті болуға көмектесу мақсатында 2011 жылы «Bilimkana» қоғамдық қорын құрды.
Толонду Тойчубаев 2007 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында инвестор. Оның инвестицияларының негізгі аймақтары – ТМД, Азия және Қытай.
2011 жылы ол Толон атындағы заманауи өнер мұражайын ашты.
Мұражай посттоталитарлық кезеңдегі өнерге маманданған және авторитарлық елдер мен режимдерге бағытталған. Мұражай коллекциясында бейнелеу өнерінің бірегей туындылары бар: кескіндеме, графика, нысандар, инсталляциялар, фотосуреттер және фильмдер.
Өзінің кәсіпкерлік қызметі басталғанға дейін ол мемлекеттік қызметте, оның ішінде Қырғыз Республикасы премьер-министрінің аппаратында болды. Қоғамдық қызметте, оның ішінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясында тәжірибесі бар.

Кейт Эванс
Anglian Learning Multi Academy Trust компаниясының негізін қалаушы-бас директор, Ұлыбритания

Кейт Эванс соңғы 40 жыл ішінде Ұлыбританияда білім беру саласында әртүрлі лауазымдарда жұмыс жасады. 2005 жылы ол Bottisham Village колледжінің директоры болып тағайындалды. Аталған мектеп Ofsted бойынша үздік деп танылды.
Мектеп басқа оқу орындарымен, соның ішінде Кембридж университетінің білім беру факультетімен ынтымақтастыққа ұмтылды. Bottisham – Anglian Gateway мектептер альянсын дамытуда жетекші мектепке айналды. Мұғалімдерді бастапқы даярлау және үздіксіз кәсіби дамуы үшін жергілікті деңгейде консультациялар ұсынды. Кейіннен Bottisham Ұлттық қолдау көрсетуші мектеп ретінде анықталды, Кейт білім беру департаментімен ұлттық білім беру көшбасшысы болып тағайындалды.
2016 жылы Кейт бастауыш және орта мектептер тобына жауапты Anglian Learning Multi Academy Trust-тың негізін қалаушы-бас директоры болып тағайындалды.
2018 жылдан бастап Кейт Ұлыбританияда да, Қазақстандағы SHARE жобасы аясында да білім беру бойынша кеңесші болып жұмыс істейді.

Джи Хан
Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) мектептерді қолдау және бағалау жөніндегі директордың орынбасары, Нидерланд

Джи Хан CIS-ке 2023 жылдың мамырында директордың мектептерді қолдау және бағалау жөніндегі орынбасары ретінде қосылды.
Ол 30 жылдан астам уақыт мұғалім, мектеп жетекшісі, білім беру жөніндегі кеңесші және көшбасшылық жаттықтырушысы қызметтерін атқара жүріп, тәжірибесін халықаралық білім беру саласына арнады. CIS-ке дейін Джи Zurich International Schools оқу жоспары мен оқыту жөніндегі директоры және IB, NEASC және Carney Sandoe сияқты ұйымдарда тәуелсіз кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Халықаралық білім берудегі көп қырлы мансабында Джи әртүрлі рөлдерде қызмет етті, соның ішінде оқу жоспары мен нұсқауының директоры, кампус директоры, бастауыш сыныптар бағдарламасының координаторы, бастауыш мектеп директорының көмекшісі және мектепке дейінгі білім орталығының координаторы. Оның кәсіби тәжірибесіне Principals Training Center-де біліктілікті арттыру курсының тренері, аккредиттеу топтарының төрағасы, оқу жоспары мен оқыту методикасының сертификатталған тренері, IB семинарлары жетекшісі және мектептерінің бағалаушысы қызметтері кіреді. Соңғы 25 жыл ішінде Джи мектептерді бағалау топтарының төрағасы қызметін атқара отырып, аккредиттеу мен мектепті жақсартуға берік ұстанымын көрсетті.
Джи бірлескен командалық жұмысты ұстанады және қызметкерлерді табу, оқу жоспарын әзірлеу, ғылымға негізделген оқыту, тұжырымдамаға негізделген оқыту, аккредиттеу, кәсіби даму, стратегиялық жоспарлау және мектеп мәдениетін қалыптастыруды қоса алғанда, мектеп ұйымының көптеген салаларында мол тәжірибені ортаға салады. Ол халықаралық білім беруге үлкен көңіл бөледі және әлемнің әр қырындағы серіктестермен берік байланыста. Көшбасшылық, стратегиялық және нұсқаулықты дамыту бойынша кеңесші ретіндегі жұмысына қоса, Джи коучинг пен тәлімгерлік арқылы өсуді қолдауға құмар.
Джи Калифорния – Лос-Анджелес университетінде бакалавр дәрежесіне, Лихай университетінде (Lehigh University) білім беруді басқару магистрі дәрежесіне және Principals Training Center-ден халықаралық көшбасшылық сертификатына ие.

Кристина Салмивалли
Турку университетінің профессоры, буллингке қарсы халықаралық KiVa бағдарламасының авторы, Финляндия

Кристина Салмивалли – Турку университетінің (Финляндия) психология профессоры және INVEST флагмандық зерттеу орталығы басшысының орынбасары (https://invest.utu.fi/).
Отыз жылдан бері К. Салмивалли мектептегі буллинг және оның алдын-алу бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. Салмиваллидың бастамасымен жұмыс тобы Финляндияда және тағы 23 елде кеңінен қолданылатын KiVa® буллингке қарсы бағдарламаны әзірледі. Салмивалли жетекші ғылыми журналдарда балалардың құрдастарымен қарым-қатынасы және буллинг мәселелері бойынша көптеген еңбектер жариялады. 2017 жылы ол Фин Ғылыми марапатына ие болды. Бұл сыйлықты Финляндия академиясы Кеңесінің ұсынысы бойынша Финляндияның білім, ғылым және мәдениет министрлігі маңызды ғылыми жетістіктерді танылғандығының белгісі ретінде табыстайды. 2020 жылы Кристина буллингтің ең қиын жағдайларын зерттеуге арналған 5 жылдық жобаға Еуропалық зерттеу кеңесінің (ERC) грантына ие болды. 2021 жылы Салмивалли адам дамуын зерттеу саласындағы ерекше жетістіктері үшін Уильям Тьерри Прайер сыйлығын алды (Еуропалық даму психологиясы қауымдастығы).

Рауан Кенжеханұлы
Bilim Media Group (BMG) компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті және “Bilim Media Group” компаниясының директоры.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің бірінші хатшасы қызметін атқарған.
Одан ертерек «Хабар» арнасының экономикалық шолушысы, арнаның Ресейдегі меншікті тілшісі болған. Сондай-ақ, Ұлттық Пікір-Сайыс Орталығының үйлестірушісі болып жұмыс істеген. «Азамат» жастар интеллектуалдық клубының негізін қалаған.
Алматыдағы Абай атындағы университетінің халықаралық қатынастар факультетін, Мәскеудегі мемлекеттік басқару және халық шаруашылығы академиясының бизнес мектебін (MBA) тамамдаған.
2009-2011 жылдары АҚШ-тағы Гарвард университеті «Weatherhead» халықаралық қатынастар орталығының Fellows бағдарламасынан өткен.

Куляш Шамшидинова
Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, Қазақстан

Колин Маклафлин
Кембридж университетінің құрметті профессоры, Ұлыбритания

Ойстейн Кристиансен
суретші-карикатурашы, дизайнер, Норвегия

Дарюс Радкявичюс
психиатр, сертификатталған трансакттік талдау терапевті және дағдарысты басқару бойынша сарапшы, Литва

Грэм Рейнджер
Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) сарапшысы, Нидерланд

Кайырбек Буксукбае
Ақтөбе қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры, Қазақстан

Толонду Тойчубаев
«Bilimkana» қорының негізін қалаушы, Қырғызстан

Кейт Эванc
Anglian Learning Multi Academy Trust компаниясының негізін қалаушы-бас директор, Ұлыбритания

Джи Хан
Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) мектептерді қолдау және бағалау жөніндегі директордың орынбасары, Нидерланд

Кристина Салмивалли
Турку университетінің профессоры, буллингке қарсы халықаралық KiVa бағдарламасының авторы, Финляндия

Рауан Кенжеханұлы
Bilim Media Group (BMG) компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті

Мобильді қосымшаның веб-нұсқасы